Нақсүйерін ұрып өлтіріп, денесін өзенге ағызып жіберген

360
Күдікті марқұмды қалай ұрғанын көрсетуде

Қызғаныштың қызыл иті қылмысқа себеп болды! Шымкенттің 31 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірген. Марқұмның денесі екі аптадан соң өзеннен табылды.

Өзенде екі аптадай жатып қалған мәйітті жергілікті тұрғындар тауып алған
Өзенде екі аптадай жатып қалған мәйітті жергілікті тұрғындар тауып алған

Сәуір айының басында Шымкентте 28 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетеді. Оның анасы дереу полицияға хабар берген. Дегенмен, іздестіру жұмыстары бірден нәтиже берген жоқ. Тек, арада екі апта өткен соң жоғалған қыздың мәйіті Арыс өзенінің Ордабасы ауданындағы сағасынан табылған. Оны жергілікті тұрғындар көріп, полицейлерге хабар береді. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын бірден анықтай алмады. Біраз бүлінген мүрдені кейін өзінің анасы әрең танып алады. Марқұмның таныстарын ұзақ тексерген полицейлер кісі өлтірушіні 5 айдан кейін ұстады. Қылмысын бірден мойындаған азамат көзіне шөп салғаны үшін көңілдесін соққының астына алғанын айтып берді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fqklSvhgSDA[/youtube]

Соққы салдарынан ауыр жарақат алған келіншек сол жерде жән тәсілім етті. Мұны көрген күдікті есін жиған соң өлі денені көлікке салып, қала сыртына алып шығады. Содан Арыс өзенінің үстіндегі көпірге келіп, мәйітті суға лақтырып жібереді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұдан кейін күдікті түк болмағандай азаматтық некедегі әйелінің үйіне барып, анасының жағдайын сұраған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Gla7-YcPbz4[/youtube]

Қазіргі таңда кісі өлтірген қаніпезерге көлігін берген танысы да анықталып, тергеуге алынды. Оның кісі өлтіру әркетінен хабары болған-болмағанын тәртіп сақшылары анықтайтын болады.

Күдікті марқұмды қалай ұрғанын көрсетуде
Күдікті марқұмды қалай ұрғанын көрсетуде