Шымкенттегі 84 мектептің барлығында медициналық бекеттер жұмыс жасамақ
Шымкенттегі 84 мектептің барлығында медициналық бекеттер жұмыс жасамақ
Шымкенттегі 84 мектептің барлығында медициналық бекеттер жұмыс жасамақ

Биыл қаламыздағы мектеп оқушыларына алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетіледі. Өйткені қаладағы білім ошақтарының барлығында жаңа оқу жылында арнайы медициналық бекеттер ашылады. Осылай деп сенімді түрде мәлімдеген қалалық білім бөлімінің басшылары ол бекеттерді дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етуге қаражат та қарастырып қойған екен. Оған қоса, бала саны көп мектептерде бір емес, екі медициналық бөлме жұмыс жасамақ. 

Сандуғаш Жанботаева – қаламыздағы №23 мектептің медбикесі. Маманның күнделікті жұмысы – оқушылардың денсаулығын қадағалау. Айтуынша, оқу жылында күніне 30 шақты шәкірт алғашқы дәрігерлік көмекке жүгінеді.

Сандуғаш Жанботаева, медбике: «Күнделікті жұмысымыз таңертең келгеннен асханадан басталады. Ол жақта тағамның дәмін татып, тексереміз. Бұл жұмыстар сағат 8-ден басталады. Содан кейін мектептің ішін, кабинеттерді аралап, тазалығын тексереміз. Шағым айтып келген балаларға қараймыз. «Прививкаларын» уақтылы саламыз.»

Өткен жылы Шымкент қаласында 6 бірдей мектепте медициналық бекет болмаған. Биыл қаламыздағы 84 мектептің барлығына да қажетті дәрі-дәрмектер жөнелтіліпті. Бұл үшін қалалық білім бөлімі 4 миллион 800 мың теңге қарастырған. Бұған қоса, енді медициналық бөлмелерде дәрігер мен оның көмекшісі жұмыс істейтін болады.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы: «Биылғы оқу жылында барлық мектептерде осы мәселе қайта қаралып, медициналық кабинеттер 100 пайызға ашылды. Кез келген мектепте биыл лицензияланған, яғни, арнайы құжаттары рәсімденген медициналық бекеттер ашылып отыр.»

Айта кетейік, мектептердегі медициналық бекеттердің жұмысын қалалық білімі бөлімі және сол ауданға қарасты емхана басшылығы қадағалап отырады. Қалалық білім бөлімінен әр медициналық бекетке бір жылға 60 мың теңгенің дәрі-дәрмег бөлінеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ID0RkS6dXYI[/youtube]