Фотосурет мұрағаттан алынды

Оңтүстік Қазақстан облысында жалған кәсіпкерлерден құралған қылмыстық топтың жолы кесілді. Алаяқтарға облыстық салық департаменті бастығының орынбасары қамқорлық жасап келген екен. Бұл туралы экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеп отыр.

Фотосурет мұрағаттан алынды
Фотосурет мұрағаттан алынды

Қылмыстық топты қаржы полицейлері құрықтаған. 12 адамнан тұратын топ 4 жыл бойына 60-тан астам жалған кәсіпорындар құрып, салықтан жалтарып келіпті. Салдарынан мемлекет қоржынына 18 миллиард теңге түспей қалған.

Қазіргі таңда қылмыстық топтың қамқоршысы — департамент бастығының орынбасары А. Садықов қамауға алынған. Қазір тергеу-тексеру амалдары жалғасуда.