Он сегізінші тамыз күні төтенше жағдайлар департаментіне «Еврокоптер-130» тікұшағымен байланыс үзілгені туралы суыт хабар жеткізілген. Тікұшақ «Саут-Ойл» серіктестігіне тиесілі.
Күнгейдің аспанында серуенге шыққан жеке кәсіпкерге тиесілі тікұшақтың бортында ұшқышпен қатар, 3 жолаушы болған. Шұғыл құтқару жасағы іздестіру жұмысына кірісіп, жолғалған тікұшақты бүгін тапты.
Анықталғанындай аккумуляторында ақау пайда болған «Еврокоптер-130» әуе техникасы Төлеби ауданы Мақпал көлінің жағасына қонып, қайта ұша алмай қалыпты. Бүгін таңертең Шымкент әуежайына табылған тікұшақ адамдарымен бірге аман-есен жеткізілді.
Уалихан Ережепов, ОҚО ТЖД басшысы, полковник: «Қасқасу ауданына МИ-17 тікұшағы 3 экипаж мүшесімен жіберілді. Қызылорда қаласынан «Қазавиоспас» МИ-8Т тікұшағында 3 экипаж мүшесі мен 2 құтқарушы мен 1 дәрігер Шымкент қаласына келіп жетті. Тікұшақ табылды. Зардап шеккендер жоқ. Іздестіру жұмыстарына 87 адам, 8 техника, 15 ат жұмылдырылды».
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PzUhk4PUR1M[/youtube]