Отырар ауданында күн батареялары шығарылмақ

"Оңтүстіктің инвестициялық жобалары" көрмесіне Отырар ауданымен қатар Түркістан және Арыс қалаларының кәсіпкерлері ұсынған 30 жоба қатысты
"Оңтүстіктің инвестициялық жобалары" көрмесіне Отырар ауданымен қатар Түркістан және Арыс қалаларының кәсіпкерлері ұсынған 30 жоба қатысты
«Оңтүстіктің инвестициялық жобалары» көрмесіне Отырар ауданымен қатар Түркістан және Арыс қалаларының кәсіпкерлері ұсынған 30 жоба қатысты

Күннен қуат алатын батареяларды енді өзімізде де шығаруға болады. Отырар ауданының кәсіпкерлері тың жобаны қолға алуды бастады. Алайда нарық заманында үлкен сұранысқа ие іске ірі көлемде қаржы салу қажет.

Ғалым Ақылбеков — Отырар ауданынан келген өкіл: «Бұл жоба 20 мегаваттық. 4 жылға арналған. 4 жылдың ішінде ол өз-өзін ақтайды. Себебі, энергия қуаты қазір өте қажет. Оған сұраныс бар. Сол үшін бұл жоба өз-өзін тез арада ақтайды. Және бұл жоба неге Отырарда,өйткені, ол жерде ГЭС сала алмайсың, жел станциясын салуға болады. Бірақ сәл қиын. Жел жақсы болу керек. Отырарда бар жел. Бірақ барлық жерде емес. Ал күн электр станциясы қалаған жеріңе салуға болады».

Болашағы жарқын жобаларға қызыққан инвесторлар жәрмеңке барысында ақ қаржы салуға келісім жасап жатты. 4-ші рет өткізіліп жатқан жәрмеңкенің ауыл-аймақтар үшін пайдасы орасан дейді орталық басшылары.

Нұржан Әлтаев, ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры: «Үш жәрмеңкенің результатымен 35 келісім-шартқа айдан әкімдері мен бизнесмендер қол қойды. Ол 35 келісім-шарттың жалпы құны 69 млрд. теңігеге жетіп жатыр. Бірінші жобадағы келісім бойынша аудан әкімдері жерлерін бөліп беріп жатыр».

Кәсіпкерлікке қажетті жер телімдері Төлеби ауданынан интенсивтік бау-бақшаға деп 100 гектар бөлінген. Түлкібаста трюфель саңырауқұлақтарын өсіруге 7 гектар жер бөлгенін айта кетейік. Үздік ой мен тың жобалардың жәрмеңкесі 24 тамызға дейін жалғасады. Келесі сенбіде Шымкенттік кәсіпкерлердің жобалары көрмеге қойылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cU5AO_6GGvA[/youtube]