Шымкентте жүргізушілер мен жолаушыларды тонап келген қылмыстық топ сотталды

234
Фотосурет ғаламтордан алынды

Алматы-Термез бағытындағы тасжолдың үстінде адамдарға шабуыл жасап келген қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

Сот барысында анық болғандай, қылмыстық топ 2013 жылдың ақпан айынан бастап Алматы-термез бағытындағы жолдың үстінде кетіп бара жатқан жүк көліктерінің жүргізушілері мен жолаушыларына қарақшылық шабуыл жасап келген. Соның салдарынан жәбірленушілерге жалпы көлемі 775 928 теңгені құрайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 3 айыпталушыны 16, 12 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жайында үкім шығарды. Тағы 2 айыпталушы 11 жылдарын темір тордың арғы жағында өткізеді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.