Күдікті азаматтың қолға түскен сәті

Шымкентте түрмеге есірткі лақтырмақ болған азамат ұсталды. Бұл оқиға халық арасында «тубдиспансер» аталып кеткен Қапал батыр көшесіндегі ИЧ-167-де екі түзеу мекемесінің маңында орын алған.

Күдікті азаматтың қолға түскен сәті
Күдікті азаматтың қолға түскен сәті

Күдікті азамат жайлы абақтының қызметкерлеріне келіп түскен жедел ақпарат жетеді. Соған байланысты қимылдаған із кесушілер түнгі сағат 3 жарым шамасында, түрмеге жақын үйлердің маңынан күдікті азаматты ұстаған. Ол 41 жастағы Көксәйек ауылының тұрғыны болып шықты. Сезіктінің қалтасын тінту барысында тасқа қосылып, скотчпен мұқият оралған түйіншек табылады. Оның ішінде героин салынған тағы бірнеше түйіншек бар. Өзі бұрын сотты болған азамат бұл есірткі затын түрмедегі жазасын өтеушілерге лақтырмақ болыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9QTC25kRVt8[/youtube]

Қалыстардың қатысымен күдіктінің қалтасынан шыққан заттың барлығы тәркіленіп алынды. Сот-сараптама барысында есірткінің салмағы 7 грамнан асатын героин екені анықталған. Қазір осы фактіге қатысты қылмысты іс қозғалды.