Шымкенттік автокөлік иелері Жоғарғы соттың орнынан кетуін талап етіп отыр

229
Автокөліктер дауы Облыстық сотта да қаралған

Осыдан үш жыл бұрын өңірге шетелден көлік әкелем деп опық жеген жүргізушілердің айғайы қайта басталды. Енді олар Оңтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов пен Жоғарғы соттың төрағасы Бекназаровтың орнынан кетуін талап етіп отыр. 3 жылдан бері облыстық кедендік бақылау департаментімен соттасып жүрген көлік иелеріне сот мерзімі 10 жылдан асқан көліктерне қыруар салық төлеуді міндеттеген болатын. Ал автокөлік әкеліп, басы дауға іліккендердің айтуынша 2010 жылы әкелген көліктерін заңдастырып, жолай кедендік салықты төлеп жеткізген. 

Автокөліктер дауы Облыстық сотта да қаралған
Автокөліктер дауы Облыстық сотта да қаралған

Жүргізушілер Кедендік бақылау департаменті мен сот алдында көліктерінің 2000 жылы шығарылғанын әлі күнге дәлелдей алмай жүр. 3 жыл бұрын қаншама отандастарымыз шетелден 10 жыл тола қоймаған мерзімдегі автокөліктерді тасымалдаған. Енді кедендік бақылау департаменті ресми өкілдерге сүйене отырып, көліктердің көбісі айтулы мерзімнен бұрын шығарылғанын анықтапты. Бұған қоса, көлік иелерінен миллиондаған қаржы салық төлеуді талап етіп отыр. Ашынған жүргізушілердің соттасудан өзге шарасы қалмапты.

Ақылбек Сариев, көлік иесі: «Соттасқанда сотқа бердік, соттың решениесі, ойлағандарының бәрі таможниктерде, солардың пайдасына шешіп береді. Ал таможниктер соны ойламайды ма басында, қанша адам барып өтеді, 30-40 адам барып өтеді таможнядан, олардың үстінен қосымша ақша алып өткізеді. Соны таможниктер көрмейді ма соны, е мынау срогы откен машина, болмайды деп айтпайды ма?! Ақшаны алып-алып кетті ол».

Ал кеден бақылау департаменті заңның аты – заң деп отыр. Мамандардың айтуынша, жүргізушілер көліктерінің өндіріс орнынан шыққан күнін дұрыс көрсетпеген. Енді оның салығын төлегісі келмейді. Аталмыш Департамент бүгінге дейін мұндай 126 азаматты сотқа беріп, жеңіп шығыпты.

Талғат Тіленшин, ОҚО кедендік бақылау департаментінің бөлім жетекшісі: «Кедендік рәсімдеу кезінде автокөліктердің техикалық құжаттары ұсынылады. Бұл техникалық құжатта зауыттан шыққан күні белгіленеді. Алайда кедендік тексеру кезінде анықталғаны – көлік тасымалдаушылар көліктің шыққан датасын емес, сатылымға шыққан күнін алға тартып келген».

Әділдік іздеп жүрміз деген жүргізушілер де бүгінге дейін сотқа бірнеше рет арызданған. Айтуларынша, алғашында жүргізушілердің пайдасына шешілген сот отырысы, кейіннен түсініксіз жағдайда өзгеріп кетіпті.

Гайдар Клышпаев, заңгер: «Біздің ойымызша жоғарғы сот төрағасына қысым көрсетілген. 2013 жылы 15-мамырында Шалходжаевтың ісі бойынша 3 соттың қарауы кезінде болмашы кемшіліктер тауып, сотты жүргізуден бас тартты. Бұл барып тұрған заң бұзушылық қой».

Автокөліктерді тасымалдаушылардың ісі Абай аудандық сотымен қоса, облыстық сотта қаралған. Бүгінге дейін көлік егелері Елбасыға да хат жазып үлгеріпті. Енді жауап күтіп жүр. Бұнысынан түк шықпаса, шеруге шығамыз деп отыр.