Созақта өткен сайлаудан көрініс

«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жүзеге асты деуге болады. Ауыл әкімдерін сайлау Созақ ауданында да талапқа сай өтті. Халық қалаулылары түгел қатысып, 12 ауыл аймағының басшысын сайлады. Соның бірі әйел адам.

Созақта өткен сайлаудан көрініс
Созақта өткен сайлаудан көрініс

Халықтың жоғын жырлау ақынға, мұңын тыңдау әкімге серт. Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясына аудан әкімі ұсынған 36 кандидаттың 25-і сайлауда бақтарын сынады. Аумақтық сайлау комиссиясындағылар өз мерзімінде бастаған сайлауға аудандағы 13 мәслихат депутаты түгел қатысты. Таңдау мүмкіндіктерін жүзеге асырды.

Мұрат Сапаров,Созақ аудандық мәслихатының депутаты: «Сайлау күні басталып кетті. Кандидаттарға дауыс беріп шықтық. Ауыл әкімдерін сайлау үшін бізге сенім білдірді, халықтың пікірін тыңдап, әр округқа лайықты деген кандидаттарды сайлап шықтық».

депутаттардың тіркелу сәті
депутаттардың тіркелу сәті

Облыстан әкелінген 192 сайлау бюллетенінің 156-сына дауыс беріліп, қалғандары жойылды. Жарамсыздар жоқ. Хаттамалар көпшіліктің көзінше толтырылып, актілер жасалды. Осылайша аумақтық сайлау комиссиясы өз жұмысын заң шеңберінде орындадық дейді.

Әжіхан Мұсаұлы, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Қазіргі таңда біз сайлауды аяқтадық. 12 ауыл округі бойынша 12 адам әкім болып сайланды. Оның ішінде біреуі қыз бала. Бұзылған бюллетендер болған жоқ. Сондықтан сайлау өз дәрежесінде өтті деп есептейміз».

Халықтың үдесінен шыға алады деген азаматтар әкім етіп сайланды мәслихат депутаттары арқылы. Енді олар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қызмет ететіне халық үміт артады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NYldrDPqac8[/youtube]