Биылғы жылы ауданда бағдарлама аясында 235 бас ірі қара алынуы тиіс болған.
Биылғы жылы ауданда бағдарлама аясында 235 бас ірі қара алынуы тиіс болған.
Биылғы жылы ауданда бағдарлама аясында 235 бас ірі қара алынуы тиіс болған.

Сайрам ауданында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жүктелген тапсырма орындалмай тұр. Биылғы жылы ауданда бағдарлама аясында 235 бас ірі қара алынуы тиіс болған. Бүгінде, ауданға оның жартысы да жеткізілмеген. Алайда, «Сыбағаның» сиын алып, мал бағам деушілер көп.

«Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсат – шағын және орта бизнес пен еліміздегі етті мал шаруашылығының үлесін арттыру. Қазір Сайрам ауданында бұл бағытта мемлекеттен несие алып, ісін дөңгелеткісі келетін шаруалар қатары көп. Бірақ, шарттары тиімді «Сыбаға» бағдарламасын пайдаланып, мал басын көбейту оңайға соқпай отыр.

Негізінен ауданда «Сыбаға» бағдарламасы аясында берілген тапсырма бүгінде 50 пайызда орындалмаған. Себебі, жайылым жер жоқ.

Нұрпапа Көпеев, Сайрам аудандық ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі: «Сыбаға» бағдарламасымен айналысамыз дегендерге жер тауып бере алмай отырмыз. Себебі, мемлекеттен бағдарлама негізінде несие алу үшін шаруақожалықтың 8 гектар жайылым жері болуы тиіс».

Аудандық атқа мінерлер мәселенің шешімін көрші аудандардағы бос жатқан жерлерге «құда түсуден» көріп отыр. Ол үшін облыс басшыларына арнайы хатта жолданған.