Шымкент шахарының Республика даңғылындағы №50 үйдің тұрғындары арасына жік түсті. Үйлерінің модернизациялау бағдарламасы аясында жөнделуін бірі қолдаса, екіншісі оған қарсы. Қажетті дауысты жинау үшін сыртымыздан қол қойылған дейді тұрғындардың бір тобы.
1950 жылдары салынған үйдің модеренизациялау бағдарламасы арқылы жөнделуін тұрғындардың бір тобы қолдаса, екіншісі оған қарсы. Өйткені, оған бюджеттен бөлінген қаржыны 15 жыл бойы өтегісі жоқ. Оның үстіне құрылыс құны қымбат. Ең бастысы, берілген келісімге аттарынан өзге біреу қол қойып жіберген.
Сұлуша Жанатаева, тұрғын: «Өткенде келді, келіссеңіздер де, келіспесеңіздер да бастаймыз деді. Бізді неге шырылдатады. Не әкімшіліктен, не мынау құрлыс компаниясы келіп жиналыс жасап құрметті тұрғындар осындай төлейсіздер ма деп жиналыс жасаған жоқ».
Құрылысшылар шатырды жөндеуде ескі материалдарды қолданып жатыр. «Бүйте берсе баспанамыздың көне жатақханадан айырмасы қалмайды»,- деген тұрғындар қапалы. Олардың ойынша, құрылыстың құны да тым қымбат.
Мырзақұл Ләйлә, тұрғын: «Негізінде біз ол кісілерден сұрадық. Сіздер не істейсіздер деген едік. Біз тек крышаны, сыртын әктеп береміз деді. Сосын мен балкондарды істейсіздер ма деген едім. Істемейміз деді. Подвал ауыстырылады ма деген едік. Сонда осының өзі 14 милион. Бұл басқа сыимайтын нәрсе».
Қыстың қамын жазда ойлаған тұрғындардың бір тобы қыста тоңғысы келмейді. Баспананың көнергені туралы арызданған да солар екен. Шатырдан аққан судан әбден зәрезап болғандар үйді жаңғырту жұмыстарына қуана келісіп отыр.
Надежда Семьеновна, тұрғын: «Осы жерде сөйлегендер бір рет те шатырға шығып көрмеген. Жоғары қабатта тұратындар бұл жөндеу жұмыстарына разы. 13 пәтерде тұратынды алатын болсақ, 73 жастағы кемпірдің шатырынан үйіне су ағады. Жөндетуге мүмкіндігім жоқ дейді. Ал оның төменгі жағында тұратындар үшін бәрібір. Өйткені олардың төбелерінен су ақпайды».
Қарсы болған тұрғындар Абай ауданының әкімдігіне арызданған. Ал жергілікті атқамінерлер жөндеу жұмыстары пәтер иелерінің өз өтінішімен жасалынып жатқанын алға тартты. Сондықтан баспана модеренизациялау бағдарламасына енген.
Ержан Саржан, Абай аудандық әкімдігінің халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы: «Заңда 66 процент қол жинау керек делінген. Ол 66-дан көп жиналған. Одан да көп болу керек. Есімде жоқ кәзір».
Тұрғындардың арызы негізінде жергілікті әкімшілік олармен қайта жүздесіп, қолдаушылар мен қарсылық білдіргендерді қайта анықтайтын болады. Ал жөндеу жұмыстары әлдеқашен басталып кеткен.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=i0ofwwypULY[/youtube]