Туристерге тыйым салынған тастар мен бұйымдар

Нұрбану мен Ақмарал бірнеше күн бұрын Түркиядағы демалыстары аяқталып, өз туған жеріне оралды. Өздерімен бірге көтеріңкі көңіл-күйден бөлек, олар теңіз жағалауының тастарын алып келеді. Ол тастардан өз қолдарымен әшекей бұйымдар жасап та алады.

Нұрбану Қонаева: «Әрине Түркиядан алған әсеріміз естен кетпестей болды. Бірақ, өзіміз жасаған әшекейлер де жасадық».

жемчуг
Естелікке алынған қарапайым тастардың өзі тарихи маңызды болуы мүмкін

Дегенмен, саяхатшыларымыздың ешкімге зиянсыз бұл істері кемінде айыппұл төлеумен аяқталуы мүмкін еді. Анықтағанымыздай, кейбір дүниелерді елден жыраққа алып шығуға байланысты қатаң ережелер бар екен. Мысалы, ғасырдан асқан тарихы бар археологиялық бұйымдар. Сондықтан, естелікке алынған қарапайым тастардың өзі тарихи маңызды болуы мүмкін. Мұндай заңбұзушылық үшін кемінде айыппұл төленеді де, қатаң жаза ретінде абақтыға қамалу да қауіпі бар.

Андрей Крылов, туристік фирма директоры: «Біз туристерімізді сапарға шығарып салмас бұрын, олар аттанғалы отырған елден сыртқа алып шығуға болмайтын тауарлардың тізімін береміз. Әр елде тәртіп әр түрлі. Әрине, саудагерлер өз пайдасы үшін тауарларды қалай да болмасын сатуға тырысады. Бірақ, абай болған жөн».

Тарихи жәдігерлерді сырт елге алып кету туралы ережелер тағы да бірқатар елдерде бар. Мысырда, піл сүйегі мен маржан тастарды алып шығуға болмайды. Ал, БАӘ-де әшекей бұйым сатып алсаңыз, келеңсіздіктердің алдын-алу үшін чекті өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз абзал. Сондай-ақ, кілем сатып алғанда да осы ережені ұмытпаған жөн. Бәрінен де қызық ереже Швейцарияда болып шықты. Бұл елден жарты келіден асқан сүт өнімін, ет, ірімшік пен май алып шығу үшін декларация толтыруға міндеттелесіз.