Тың жобаларға инвесторлар тартылуда

330
Облыста инвестициялық жобалар көрмесі басталды

Аудандарда  кәсіпкерлікті дамытуда ауқымды істер атқаруда. Ал оларды қолдауда, қызмет көрсетуде өзге аудан-қалаларға Түлкібас пен Төлеби аудандарының үлгі боларлықтай тәжірибесі бар. Бір ғана Қасқасу демалыс орны, өңірдегі туризмді дамытуда ғана емес, кәсіпкерлікті өрлетуде де алдыңғы қатарда.

Облыста инвестициялық жобалар көрмесі басталды

Ал тау бұлағынан аққан суды тиімді пайдаланып, халыққа таратып отырған «Мөлдір тау бұлағы» өндірістік кәсіпорны Алатау ауылындағы 20-ға жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Олардың орташа жалақысы 45 мың дейді серіктестік басшысы.

Бауыржан Пернешов, «Мөлдір тау бұлағы»ӨК-нің директоры: «Сағатына 3 мың бөтелке су шағарамыз. Қазір Алматы, Қызылорда, Жамбыл қалаларын сумен жабдықтап беріп жатырмыз. Таза бұлақтың суы болғандықтан сұраныс көп».

Айта өтейік, облыс орталығында өтіп жатқан инвестициялық жобалар жәрмеңкесіне қатысқан кәсіпорындарға қызығушылық танытқандар көп болыпты. Содан болар, бір емес бірден жиырмаға жуық меморандумға отырған.