Мынау Шымкенттегі темір жол вокзалы маңындағы жерасты жолының жайы осы. Қай қалаға аялдамаңыз, вокзалына қарап, тұрмыс-тiршiлiгi, мәдениетiн елестетесіз. Вокзал қаланың айнасы істепеттес.
Темір жол вокзалының күніне мыңдаған адамға қызмет көрсетеді. Демек, вокзалды күн сайын осыншама халық көреді деген сөз. Осыдан бiрнеше жыл бұрын Шымкенттегi темiржол вокзалына күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, жан-жағы абаттандырылған болатын. Әйтсе де вокзал маңы әлі де заманауи талапқа сай емес.
Жалпы, облыс орталығында өткелдер көп емес. Солардың бiрi вокзалда орналасқан. Алайда, адамдар бұл өткелді әжетханамен «шатастырып» алған секілді. Жан-жаққа төгіліп-шашылған қоқыстың қолаңса иiсінен бір минут шыдап тұра алмайсың. Күніне тап осы жерден талай қонақ жүріп өтуге мәжбүр.
Жерасты жолымен жүргендерде біздің қала туралы не ойлайтынын бағамдай беріңіз. Мұндағы дүкендердің сыйқы да жетісіп тұрған жоқ. Тіпті оларды аралау да мүмкін емес. Қоқыстан аяқ алып жүргісіз. Дөрекі саудагерлердің жайы өз алдына. Ал «жақын жерден арзан пәтерім бар» деп жарнамалайтын жеңгетайлар туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Біздің вокзалдың жайы осы.
Әншейінде шетелге еліктейміз. «Шетелде былай екен, мынадай жүйе қалыптастырайық» деп даурығамыз. Бірақ, кинодан, интернет желісінен аңғарғамыныз, дамыған елдердегі вокзалдар таптай. Қоқыс түгілі, бір жерінен артық бір нарсе таппайсың. Көзіңе артық немесе ретсіз жатқан дүние көрінбейді. Барлығы өз орнында. Адамдары да басқаша. Әсер деп осыны айтып отырмыз. Біздің шетелге жиі қатынайтын лауазым иелері неге осыны қаперге алмайды екен? Айтқандай, олар әуе жолдарымен барады ғой. Несіне жазғырамыз? «Аш баламен тоқ баланың ойнамайтыны» секілді әуеде әуелейтіндердің вокзал маңындағы жер асты жолында не ісі бар дейсіз?!