Зейнеткерге шабуыл жасаған қарақшы құрықталды

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 179 бабы «Қарақшылық» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 179 бабы «Қарақшылық» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 179 бабы «Қарақшылық» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері зейнеткерге шабуыл жасаған қарақшыны құрықтады. 2013 жылдың сәуір айының ортасында Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне 30 жастағы жергілікті тұрғын арызданған.

Онда сағат 16.00-де шамасында жас шамасы 25-30-ға келген белгісіз ер азамат 1936 жылы туылған көршісінің басын балтамен ұрып, 30 мың теңге тұратын алтын сырғасын алғаны туралы айтылған. Жәбірленуші жансақтау бөліміне жеткізіліп, «басының артқы тұсынан соққы алған» диагнозы қойылған.

Шымкент ҚІІБ-ның Әл-Фараби ПБ жедел уәкілдерінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында сезікті ретінде тұрғылықты мекенжайы жоқ 1980 жылғы азамат ұсталды.

Полиция қызметкерлеріне ұсталған азаматтың айтуы бойынша, сезікті сол күні үйдің ауласына кіріп, үй иесінен су сұрап тұрған кезінде зейнеткердің құлағындағы алтын сырғасын байқаған. Арам ойын жүзеге асыру мақсатында жақын жерде жатқан балтаны тауып алып, су әкелген әйелдің басының артқы тұсынан ұрған.

Содан кейін зейнеткердің құлағынан сырғасын шешіп алып, оқиға болған жерден бой тасалаған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары құрықталған азаматтың осы тәріздес қылмысқа қатысы барын анықтауда. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 179 бабы «Қарақшылық» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дерек көзі: ОҚО ІІД Баспасөз қызметі