Жанармай бекетіндегі жарылыстан екі адам зардап шекті

210
Фотосурет ғаламтордан алынды

Шымкентте жанар-жағар май құю бекетінен от шығып, салдарынан 31 жастағы азамат пен 12 жасар қызды күйік шалды. Оқиға 30-шілде күні кешкі сағат 8-дер шамасында орын алған.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

Шымкенттен Сарыағаш бағытына шыққан «Ауди» көлігінің жүргізушісі қала іргесіндегі жанармай бекетінен газ құйып алмақ болыпты. Осы сәтте май құятын құбырдың ұшынан от шыққан. Салдарынан 31 жастағы жүргізуші мен 12 жасар қызды күйік шалады. Көлік ішінде болған өзге 3 жолаушы мен жанар-жағармай стансасының қызметкерлері дін аман. Қазір, зардап шеккен жеткіншек жансақтау бөлімінде жатыр. Ал көліктің жүргізушісі бүгін есін жинады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=v1na-ExJcxo[/youtube]