Жария түрде оқылады

Ораза айт намазы тамыздың 8-і күні таңғы сағат 7.15-те оқылады.
Ораза айт намазы тамыздың 8-і күні таңғы сағат 7.15-те оқылады.
Ораза айт намазы тамыздың 8-і күні таңғы сағат 7.15-те оқылады.

Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. Имам мысалға, «Екі рәкат Рамазан айт намазына ниет еттім» деп ниет етеді. Жамағат «Екі рәкат айт намазына ниет еттім, ұйыдым имамға» деп ниет етеді. «Аллаһу әкбар» деп, ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі алынады. Қолдар байланып, имам мен жамағат бірге құпиялай «Субханака Аллаһумма» дұғасын оқиды. Одан кейін имам – жариялай, жамағат – құпиялай «Аллаһу әкбар» деп, үш рет тәкбір алады. Әрбір тәкбірді айтқанда қолдар жоғары көтеріліп, екі жанына түсіріледі. Әрбір тәкбірдің арасында үш тәсбих айтылатындай сәт тұрады. Үшінші тәкбірден кейін қолдар байланып, имам «Әузу» мен «Бисмиллаһты» құпиялай, одан кейін «Фатиха» мен қосымша сүрені жариялай оқиды. Осыдан кейін жариялай «Аллаһу әкбар» деп рүкүғ пен сәждеге барады. Жамағат та құпиялай тәкбір алып, имамға ұйиды.

Содан кейін екінші рәкатты бастайды. Имам құпиялай – Бисмиллаһ, жариялай – «Фатиха», содан кейін қосымша сүре оқиды. Міне, осыдан кейін осы жерде алғашқы рәкаттағыдай үш рет тәкбір алады. Бұдан кейін имам – жариялай, жамағат – құпиялай «Аллаһу әкбар» деп, рүкүғ пен сәждеге барады. Одан кейін отырып, «әт-тахият», «салауат», «рәббәнә» дұғасы оқылып, екі жаққа сәлем беріледі. Яғни, бұл айт намаздарының әрбір рәкаттарында үш қосымша тәкбір бар. Бұл тәкбірлер – уәжіп. Хұтпашы айт намаздарының артынан мінберге шығып, тіке тұрып, жұмадағыдай екі хұтпа оқиды. Айт хұтпаларында тәкбірмен басталып, жамағат та осы тәкбірге жайлап қосылады. Айт намазына үлгере алмаған адам жеке өзі айт намазын оқи алмайды.

Қаласа төрт рәкат намаз оқиды. Бұл да сәске намазының орнына жатады. Құрбан намазын кешіктірмей, ал, Рамазан айт намазын аздап кешіктіру – сүннет. Рамазан айтта айт намазынан бұрын құрма секілді бір нәрсе жеу, Құрбан айтында болса, айт намазы оқылмай тұрып ештеңе жемеу – мұстахап. Бурәйда (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Рамазан айтында дәм татпай үйден шықпайтын. Ал құрбан айтында намаз оқығанға дейін еш нәрсе жемейтін».