Жастар құқығын қорғайтын кім?

республикалық жастар ұйымдарының облыстық филиалдары- «Жас Отан» жастар қанаты, «Жасыл ел» және студенттік құрылыс отрядтарының облыстық штабы, «Шымкент студенттер Альянсы» корпоративтік қоры, «Ауыл жастары одағы» қоғамдық ұйымдары мен облыстық «ОҚО жастар мәслихаты» жастар ұйымы, «Қасиет», «Нұр Әлем», «Бәйтерек» , «ДОС» , «Тұран» және «Ұшқын» жастар ұйымдары.
республикалық жастар ұйымдарының облыстық филиалдары- «Жас Отан» жастар қанаты, «Жасыл ел» және студенттік құрылыс отрядтарының облыстық штабы, «Шымкент студенттер Альянсы» корпоративтік қоры, «Ауыл жастары одағы» қоғамдық ұйымдары мен облыстық «ОҚО жастар мәслихаты» жастар ұйымы, «Қасиет», «Нұр Әлем», «Бәйтерек» , «ДОС» , «Тұран» және «Ұшқын» жастар ұйымдары.

Жастар саясатын жүзеге асыруда қазіргі таңда мемлекеттік мекемелермен қатар үкіметтік емес ұйымдар да жұмыс жасап келеді. Әділет басқармасының мәлімдеуінше, бүгінде олардың саны -78. Осы орайда, бұл ұйымдар қай бағытта жұмыс істейді деген сұрақ туындауы мүмкін.

Олардың да жұмысының бас-ты бағыты қоғамдағы жастар мәселесі. Атап айтсақ, жастарды отансүйгіштікке баулу, адам құндылықтары мен мәдени аралық келісімге үйрету, ауыл жастарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жоғарылату, студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, т.б. көптеген бағыттарда жұмыс істейді. Сонымен қатар, мұндай ұйымдардың жұмысы ҚР мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында көрсетілгендей, жас адамның саяси, әлеуметтік-экономикалық жеке құқықтары мен бостандықтарын толық тануға негізделеді.

35 мыңнан астам жастар бүгінде осындай ұйымдарда жұмыс атқарып келеді. Жастар түйткілін көтеріп, өзекті мәселелерді шешуде белсенділік танытып жүрген кейбір ұйымдардың жұмысын ерекше айтуға болады. Олар: республикалық жастар ұйымдарының облыстық филиалдары- «Жас Отан» жастар қанаты, «Жасыл ел» және студенттік құрылыс отрядтарының облыстық штабы, «Шымкент студенттер Альянсы» корпоративтік қоры, «Ауыл жастары одағы» қоғамдық ұйымдары мен облыстық «ОҚО жастар мәслихаты» жастар ұйымы, «Қасиет», «Нұр Әлем», «Бәйтерек» , «ДОС» , «Тұран» және «Ұшқын» жастар ұйымдары.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткімен күресу, қоғамға іріткі салатын діни секталардан абай болу мақсатында жұмыс жасайтын бұл ұйымдардың жұмыстары нәтижесіз деп те айта алмаймыз. Алайда, қоғам бірден мұндай дерттерден арыла қоймасы анық. Сондықтан да, қоғамның белсенді бір бөлігін құрайтын жастар проблемасын шешу әрдайым басты назарда болмақ.

Гүлнұр СӘТБАЕВА