Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының иесі атанды

85

(Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy)

Шымкент сыра зауыты белгілі продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі, бизнесмен Тұрсын Алагөзовтің иелігіне өтті.

Бүгінде түрмеде жазасын өтіп отырған Тоқтар Төлешовтың зауытына Тұрсын Алагөзов иелік еткені туралы ақпарат Shishkin_like Telegram-арнасында пайда болды.

Еске салсақ, 2021 жылдан 2024 жылға дейін зауыт Ғалымжан Есенов пен Марғұлан Сейсембаевтың бизнес серіктесі Тимур Жаңабаевқа тиесілі болды. Ал оған дейін зауыт «АТФ Банк» АҚ меншігінде болған.

Тоқтар Төлешов қамауға алынғаннан кейін зауыттың «АТФ» банкке қарызы 1,8 миллиард теңгеге жетті. Осыдан кейін банк сотқа шағым түсіріп, компания банкрот деп танылды.