Соңғы уақытта еліміздегі күре жолдарда қайғылы жол апаттары жиілеп, оқыс оқиғадан мерт болатындар саны көбейіп кетті. Ресми статистиканы сөйлетсек, Қазақстан бойынша о дүниеге аттанған адамдардың арасында жол апатының кесірінен опат болатындар саны жағынан үшінші орында тұр.
Осындай келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін, адам өлімін сәл де болса азайту үшін күрделі саналатын, қауіпті деп есептелетін күре жолдардың үстінде арнайы медицина бекеттері құрыла бастады. Нақты айтқанда, 2010 жылдың басында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай министрлігі жанынан «Апатты медицина орталығы» мемлекеттік мекемесі құрылды. Алғашында Астана және Алматы облыстарындағы ірі жолдардың бойында ашылған медицина орталығының бірі 2012 жылдың басында Оңтүстік Қазақстан облысында да ашылды. Оның өңірлік филиалының жетекшісі — Байдүйсенов Паржан Қойбағарұлы.
Облыстық апатты медицина орталығында ұзын-саны 18 маман жұмыс істейді. Соның 5-еуі Ордабасы ауданындағы Төрткөл ауылының қасындағы медицина бекетіндегі ауысымда: дәрігер, фельдшер, құтқарушы, диспетчер және көлік жүргізушісі. Бір ауысым 15 күнге созылады. Одан кейін 5 адамдық тағы бір топ келеді. Бекетте арнайы жабдықталған Мерседес көлігі бар.
Бұл көліктің өзге жедел жәрдем көлігінен айырмашылығы — бір емес, екі сайман қуысы бар. Бірі жедел жәрдем дәрігерлеріне, екіншісі құтқарушыларға арналған. Яғни, оқыс оқиға болған аттанған топ мүмкіндігінше сақадай-сай болады деген сөз.
Ауысымдағы мамандардың айтуынша, кейде күніне 2-3 суыт хабар түседі. Сондай сәтте кезекшілер күндіз демей, түн демей, оқиға орнына аттанады. Айта кету керек, бұл бекеттің жалпы қызмет ету аумағы 100 шақырымды құрайды. Суыт хабар тсүе салысымен диспетчер барынша нақты мәлімет алған соң топ шұғыл аттанады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=P4tFt8yxZJQ[/youtube]
Бұл бекетке соңғы шақырту 19-тамыз күні түсті. Бәйдібек ауданында, Екпінді ауылы маңындағы жодың үстінде екі жеңіл көлік бетпе-бет соғысып, 9 бірдей адам зардап шекті. Солардың барлығын көліктен алып шыққан осы топтың мамандары жарақат алғандарды кейін аудандық ауруханаға жеткізген. Ал негізінен, мына бекеттегі емдеу бөлмесінде жеңіл жарақат алғандарға шұғыл көмек көрсетіледі.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=B9wgtn1zH6c[/youtube]
Бұл орталықта жұмыс істеуге қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Тіпті, тікұшақ қонуға лайықты алаң да дайын тұр.
Ауысымдағы мамандар үшін де жағдай жасалған. Асхана бөлмесі жабдықталып, тоңазытқыш пен желдеткіш орнатылған. Су тартылып, табиғи газ жеткізілген.
Әзірше мұндай апатты медицина орталығы біздің облыста жалғыз осы бекет қана. Дегенмен, алдағы уақытта арнайы бекеттердің қатары көбеюі тиіс.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_S0kNotbXQk[/youtube]
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LoybXKJESgU[/youtube]