Жылуға дайындық басты назарда

236
Жылу бірінші кезекте аурухана, мектеп, балабақшаларға берілді.

Шымкентте жарты жылда кәсіпкерлік нысаны 21 пайызға артқан. Қалалық бюджеттің түсімі 101 пайызға орындалған. Қалалық қазынаның шығыс бөлігі 22 миллиард 186 миллион теңгеге игеріліп, 93 пайызды құрапты. Бұл туралы әкімдікте өткен алғашқы жартыжылдықты  қорытқан алқа мәжілісінде айтылды. Шымкенттң шенеуніктері бас қосқан жиында жылу маусымына дайындық жәйі де айтылды.

Шымкентте биылғы жылдың алты айында орташа айлық 7,5 пайызға өсіп, 78 875 теңгені құрапты. Ал жаңа әкімшілік іскерлік орталығында 30 үйдің құрылысы басталған. Биыл бой көтеретін баспана да баршылық болмақ. Шымкент шенеуніктерін шыр-пыр еткен мәселе жылу маусымына дайындық. ТҮКШ басқарып отырғандар жасалып жатқан жұмыс деңгейін жоғары деп, аузын айға балады. Жылу берушілер болса, қазанның біріне дейін қала жылуға 100 пайыз дайын болады деп салды. Бірақ тұрғынүйдің жертөлесі мен басқасына бас қатыра алмаймыз-дейді олар. «Магистралды және ішкі орам жүйелерін жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізіп ақ тастадық. Бірақ жертөлелердегі жылу құбырларының дайындығына тұрғындардың өздері жауапты»-дейді Х.Несибов, «Энергоорталық-з» мекемесінің бас инженері. Ал қала әкімі Дархан Сатыбалды бұл уәжге қанағат етпеді.

Жылу берушілер абонентттер азайып барады. Автономды жылу жүйесін орнатқандар көп деп те шағынып жатыр.

Жылу маусымына дайындық басты назарда
Жылу маусымына дайындық басты назарда

Қалай құбылса да, жылу берушілердің жырына шахар басшысы сене қоймады. Тек жылу маусымына дайындық барысы қатаң бақылауда болып, қызметтік тексеріс жүргізу қажеттігн қадап айтты қала әкімі.