Бүгінде баспананы ғаламтор арқылы да жылдам әрі қолайлы бағаға сатып алуға болады
Бүгінде баспананы ғаламтор арқылы да жылдам әрі қолайлы бағаға сатып алуға болады
Бүгінде баспананы ғаламтор арқылы да жылдам әрі қолайлы бағаға сатып алуға болады

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» пәтерге өтінім берудің ең қарапайым түрін ұсынып отыр. Бұл бұған дейін Қазақстан нарығында қолданылмаған жаңа әдіс. Бүгінде баспананы ғаламтор арқылы да жылдам әрі қолайлы бағаға сатып алуға болады.

Ақшаңызды әрі уақытыңызды едәуір үнемдейсіз. Ал бастысы – адами фактор болмайды. Осы арқылы Қор үдеріске қандай да бір күштердің араласын тежеп, кезекке қатысты түсінбеушіліктердің алдын алмақ. Жаңа үйлер пайдалануға берілерден үш ай бұрын пәтерлерді сату электронды өтініш арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін Сізге тек Жылжымайтын мүлік қорының сайтына кіріп, үй алуға өтініш қалдыру керек. Жылдам. Қолайлы. Қолжетімді. Ары қарайғы алгоритм өте қарапайым. Енгізілген бойда өтінішке реттік нөмір беріледі, тіркелу күні мен уақыты автоматты түрде белгіленеді. Бұл кезектің жариялы әрі әрбір адамға қолжетімді болуы үшін қолға алынған шара. Енді кейбір жобаның кейбір шарттарына тоқталсақ, басымдық тұрақты табысы бар, бірақ жеке меншік пәтері жоқ азаматтарға беріледі. Жеке тұлға Жылжымайтын мүлік қоры арқылы баспана алу құқығын тек бір рет қана пайдалана алады.

Мақпал РЫСБАЕВА