Ғимарат қожайыны: «Саудагерлерге өтемақы төленбейді»

Оқыс оқиғадан өзі де есеңгіреп қалған Яша Чилингаров барлығын заң аясында шешейік деп саудагерлерді сабырлыққа шақырды

«Сауда орталығында жұмыс істеген кәсіпкерлерге өтемақы қазір төленбейді». Ақсукенттегі толық жанып кеткен ғимараттың қожайыны Яша Чилингаров төтенше оқиғаның себеп-салдары анықталмай, ешбір саудагерге бақыр тиын да берілмейтінін мәлімдеді. Мұны есіткен кәсіпкерлер ашуға булығып, бұрынғы өкпе-наздың бәрін жайып салды.

Яша Чилингаров, сауда орнының қожайыны
Сауда орнының қожайыны — Яша Чилингаров

«Жан-жағының бәріне неге бутик қойып тастағансыздар?! Тек өздеріңіздің қамдарыңызды ойласыздар!» дейді өкпесі қара қазандай кәсіпкерлер.

Ғимарат иесінің айтуынша, сауда орнында өрт қауіпсіздігі сақталған. Бұл сөзімен ол тілсіз жаудың сырттан келгенімен дәлелдегісі келеді. Оқыс оқиғадан өзі де есеңгіреп қалған Яша Чилингаров барлығын заң аясында шешейік деп, саудагерлерді сабырлыққа шақырды

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=F8KqlkrPEcc[/youtube]

Орталықтың сақтандырылған құжаттардың жарамды мерзімі бітіп қалған. Сондықтан келген шығынның көлемін енді өртке кінәлілерден өндіруден басқа амал жоқ секілді.

Саудагерлерге өтемақы төленбесе, наразылық шарасын өткіземіз дейді
Саудагерлерге өтемақы төленбесе, наразылық шарасын өткіземіз дейді

Яша Чилингаров, сауда орталығының қожайыны: «Қалтамда көк тиыным да жоқ енді. Соны ойлаймыз ғой. Шешіміз бұл мәселені. Осындай жағдайда адамдарды далада тастап кетпейміз. Несие аламыз, достарым бар — солар көмектеседі».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jEgRIOvR8CE[/youtube]