Шымкенттің құтқарушылары кісі өлімін ашуға көмектесті. Облыстық төтенше жағдай департаментінің апатты-құтқару тобының кезекшілеріне Шымкенттегі Дулати көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары хабарласады. Олар көпқабатты үйдің кіре берісін сасық иіс жайлап кеткенін айтқан.
Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл аттанды. Олар криминалист, тергеуші секілді құқық қорғаушылар мен көршілердің қатысымен, пәтердің есігін арнайы құралмен ашты. Ішке алдымен криминалист мамандар кірді. Бөлмелерді қарау барысыда бірінен қайтыс болған әйелдің денесі табылды. Біраз күн жатып қалған мәйіт ісініп кеткен. Қазір осы оқиға бойынша қылмысты іс қозғалды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KkvqoywyQnM[/youtube]