Соңғы жылдары жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мəселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050» даму Стратегиясында «Жетімдер үйінде тəрбиеленіп жатқан əрбір баланың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы – ұлттық тəрбие» деп атап көрсетілген. Жетім балаларға ұлттық тəрбие тұрғысынан көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мəселесі бүгінгі күннің талабына айналып отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып жарияланды. «Отан — отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға, не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелер де қалдырмайды. Осыған байланысты ОҚО бойынша ҚАЖ департаменті ИЧ-167/4 әйелдер колониясында отбасы күніне орай, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және денсаулық мүмкіншіліктері шектеулі балалар үшін қайырымдылық акциясы өткізілді. Мереке болған соң, мейірімділік пен жылы жүрек, түсіністік пен махаббат сыйлап, аяғын шалыс басқан нәзік жандылар өз қолдарымен жасаған бұйымдары мен ризашылық гүлдерін балаларға сыйға тартты.
М. Абдикайров, тәрбие бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты