Үнді пілдері Тұлпар көлінде шомылды

Джими мен Магда Тұлпар көлінде шомылды

Оңтүстікте Варшавалық цирк ұжымы гастрольдік сапармен жүргені белгілі. Осы аптаның аяғында соңғы көрсетілімдерін беріп, елдеріне қайтуды жоспарлап отырған циркшілер жергілікті халыққа тағы бір жаңалығын көрсетті. Циркте Джини және Магда атты үнді пілдері өнер көрсетіп жүр. Сол алып жануарлар таяуда Тұлпар көлінде шомылды.

Джими мен Магда Тұлпар көлінде шомылды
Джими мен Магда Тұлпар көлінде шомылуда

Құрлықтағы ең алып жануарларды шомылдыруға әкелген баптаушылар алдымен пілдерді суға түсірмес бұрын үстеріне шу шашып, денелерін үйретіп алды. Біршама уақыттан кейін суға үйренген пілдер көлге белуарына дейін түсіп, жан-жағына су шашып ойнай бастады.

Сұлтан Аманов: «Біз көбінесе маймылдарды ақылды дейміз, менің ойымша пілдер де ақылды. Себебі, олар өте сезімтал, терісінің пышақ өтпестей қатпар-қатпарына қарамай маса қонғанын да сезіп қойды. Сондай-ақ, есту қабілетін жақсы дамыған. Өзінің үйретушісінің даусын естісе болды, оған өзінше жауап қайтарады.»

Пілдер суға шомылып жүр
Әбден суға үйренген пілдер көлдің ең терең тұсына дейін барды

Үйретушілерінің айтуынша, бұл пілдердің жасы — 45-те. Әрқайсысының салмағы 5 тоннаға дейін жететін бұл алып жануарлар күніне 150 келіге дейін тамақ жейді. Шөп-шалам мен қантты жаны сүйетін пілдерге Оңтүстіктің қарбыздары да қатты ұнап қалыпты.

 Сергей Гулевич: «Бұл пілдер өте көп қоректенеді. Таңертең міндетті түрде ботқа жейді, сондай-ақ, сәбіз бен картопты сүйсіне жейді. Бірақ, ет жемейді. Есесіне суды көп ішеді. Әрине, шомылғанды да жақсы көреді».

Мамандардың айтуынша, табиғатта үнді пілдері 60-70 жас, кейде тіпті 80 жылға дейін өмір сүреді екен. Ұзын мұрындылармен бірге жүргеніне 15 жыл болған күтушісі олармен өзара тіл табыса алатынын мақтанышпен жеткізді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=p0kLY491GZQ[/youtube]