66/98 әскери бөлімінің сарбаздары

Шымкентте жаңа 66/98 әскери бөлімі ашылды. Осыған орай қаладағы Абай саябағындағы Даңқ аллеясында әскери бөлімнің жауынгерлік туы бөлім командиріне салтанатты түрде тапсырылды.

Жауынгерлік туды тапсыру сәті
Жауынгерлік туды тапсыру сәті

Бұл әскери бөлімнің сарбаздарына сотталғандарды түзеу мекемелерін күзету, қадағалау және сотталғандар мен қамауға алынғандарды айдауылдау, «Қол сұғылмайтын қорларды» күзету бойынша қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындау міндеті жүктелген.

Сарбаздар сап түзеп тұр
Сарбаздар сап түзеп тұр

Әскери бөлім құрылғалы бері жеке құрам жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Мәселен, наурыз айынан бері түзету мекемесін күзету бойынша қарауылдар түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтыруға тосқауыл қойып, бақылаушылар 98 мың теңге көлемінде ақша мен 48 қалта телефонын тәркіледі. Бұл өте жауапты қызмет екені сарбаздарға алғашқы күннен түсіндірілді.

Жауынгерлік тумен салтанатты марш
Жауынгерлік тумен салтанатты марш