Оңтүстікқазақстандық полицейлер кезекті мал ұрлығын ашты. Тәртіп сақшылары ағайынды барымташыларды құрықтап отыр.
Тергеушілердің айтуынша, 41 және 31 жасар Ордабасы ауданының тұрғындары ұзын-саны 60 жылқыны ұрлаған. Салдарынан мал иелеріне келген шығынның көлемі 15 миллион теңгеден асып отыр. Барымташылар ұрлаған жылқының барлығын Түркістан қаласына апарып сатыпты.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TK5LS53e_64[/youtube]
Жалпы, жыл басынан бері 1235 мал ұрлығы тіркеліп отыр. Соның ашылғаны — 250 қылмыс. Полицейлер мұны бір жағынан халықтың кеш қимылдауымен байланыстырады .Айтуларынша, малы ұрланған адам бірден полицияға хабар бермей, алдымен өзі іздейді. Салдарынан осы уақыт ішінде ұрылар алысқа ұзап кететін көрінеді.