«Отырар» телеарнасының эфирінде «Ата-анасыз бір сағат» бағдарламасы өзінің кішкентай көрермендерімен қайта қауышты. Жаңа маусымда жаңа құраммен, жаңа шығармашылық топпен жұмыс басталды. Аты айтып тұрғандай, бір сағат уақыт бойында «Отырар» телеарнасының кішкентай көрермендері бағдарламадан өздеріне қызықты ақпараттар мен көңілді музыка, қызықты бейнесюжеттер мен пайдалы кеңестер біле алады. Кішкентай тележүргізушілер құрбы құрдастарына ортақ тақырыптарда ой бөліседі.
«Білімді мыңды жығар», «Шебер қолдар», «Сиқырлы саз» секілді қызықты жаңа айдарлар арқылы балаларға айтарымыз көп. Жаңа маусымда «Ата-анасыз бір сағат» бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде қатар жүреді. Аптаның жексенбісі сайын, сағат 10:30-да «Отырарды» қосыңыз! Егер қандай да бір себеппен көре алмасаңыздар, бағдарлама дүйсенбі таңғы сағат 09:45-те, сондай-ақ, сәрсенбі күні сағат 14:10-да қайталанады. Кішкентай көрермендер! «Отырар» телеарнасындағы «Ата-анасыз бір сағат бағдарламасынан қандай тақырыпта ақпарат көргілерің келеді? Не болмаса тағы қандай айдарлардың ашылғанын қалайсыңдар? Бұл жайында ойларыңды білдіріп, пікір жазсаңдар болады. Кішкентай дос! Ұмытпа, «Отырар»- өз арнаң!