Бағдарламаға өзгеріс қажет

Бағдарламадағы кемшін тұстарды саралаған Үкімет басшысы өңірлік даму министрлігіне облыс басшыларымен келісе отырып, моноқалаларды дамыту бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді тапсырды

Өткен аптада Үкімет үйінде кезекті селекторлық кеңес өтті. Күн тәртібінде моноқалаларды дамыту мәселесі қаралды. Оның жүзеге асырылу барысы жайында өңірлік даму және индустрия министрліктері, бірқатар облыстар мен моноқалалар әкімдері есеп берді.

Бағдарламадағы кемшін тұстарды саралаған Үкімет басшысы өңірлік даму министрлігіне облыс басшыларымен келісе отырып, моноқалаларды дамыту бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді тапсырды
Бағдарламадағы кемшін тұстарды саралаған Үкімет басшысы өңірлік даму министрлігіне облыс басшыларымен келісе отырып, моноқалаларды дамыту бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді тапсырды

Былтырдан бастап жаңа пилоттық жоба қолға алынғаны белгілі. Ол моноқалаларды дамыту бағдарламасы деп аталады. Оған жалпы тұрғындар саны 1,5 миллионнан асатын 27 моноқала еніп отыр. Олар әлеуеті жоғары, орташа және төмен болып үшке бөлінеді. Аталмыш кенттерді дамытуға мемлекет тарапынан бөлінген қаржы 6 миллиард теңгеден асады екен.Жалпы алғанда моноқалалардың әлеуетін арттыру ондағы кәсіпорындарды дамыту, экономиканы әртараптандыру, бизнесті өркендетіп, шағын және орта кәсіпкерліктің тынысын кеңейту секілді 5 бағытта жүргізілуі керек. Ол үшін әр қалада кем дегенде бір инвестициялық жоба жүзеге асырылуы тиіс. Алайда бүгінгі таңда 27 қаланың тек 15-де ғана ауқымды жоспар қолға алынған. Моноқала тізіміне енген шахарлардың бәрінде бірдей өндіріс ошақтары бар. Алайда оның ешқайсысы толық қуатта жұмыс істеп тұрған жоқ. Оны индустрия және жаңа технологиялар вице министрі алға тартты. проблемаларды да басты назарда ұстаулары керек. Бағдарламадағы кемшін тұстарды саралаған Үкімет басшысы өңірлік даму министрлігіне облыс басшыларымен келісе отырып, моноқалаларды дамыту бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді тапсырды. Ол аталмыш бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру үшін қажет. Айта кетейік, біздің облыста Кентау шаһары ғана моноқала тізіміне енген.

38-033