– «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының «Халықтың барлық санаттарына арналған» бөлімінің талаптарын түсіндіріп берсеңіздер. Пәтерді кейіннен сатып алғысы келетіндерге қандай шарттар қойылады? Жалпы, кейіннен сатып алу мен тұрғын үйді жалға алудың айырмашылығы неде?
Берік Ескендіров, Шымкент қаласы
Самат БАЙДУАНОВ, «Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» ОҚО филиалының директоры:
– «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үйлердің» қатысушылары тұрғын үйді сатып алу үшін мынадай жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін.
1)Тұрғын үй құрылысы аяқталған соң, Банк заемдарының, жинақтардың және меншікті қаражаттардың есебінен;
2) кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алу арқылы тұрғын үй заемдары есебінен.
Жалға алудың ең көп мерзімі тұрғын үй пайдалануға берілген күннен бастап 8 жылдық мерзімді құрайды, жалға алу кезеңінде пәтер құнының 50%-ын жинақтау қажет.
Барлық қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
ØБанк салымшысы болу;
ØЗаемға қызмет көрсету үшін төлем қабілеттілігін құжатты түрде растау;
ØСатып алынатын тұрғын үйді кепілге беру, қажет болған жағдайда, Банк қосымша кепіл талап ете алады.
Банктің аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша жеңілдікті мөлшерлемелерге үміткер қатысушыларға қойылатын қосымша талаптар:
Øқатысушының және оның отбасы мүшелерінің (ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған балалар) соңғы 5 жыл ішінде өтініш берілген елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
Øменшігіндегі тұрғын үйдің пайдалану ауданының мөлшері отбасының бір мүшесіне 15 ш.м. кем болған кезде қатысушының және оның отбасы мүшелерінің (ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған балалар, еңбек етуге қабілетсіз балалар, ерлі-зайыптылардың еңбек етуге қабілетсіз немесе зейнет жасына жеткен ата-аналары – бірге тұрған жағдайда) тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігі.
Қатысушыларды іріктеу тәртібі:
ØТұрғын үйді сатып алушылар пулы хабарландыру жариялаған кезеңде Банк олардан өтініштер қабылдаған салымшылардан құрастырылады;
ØТұрғын үй сатып алушылардың пулын қалыптастыру (балл есептеу) Банктің уәкілетті органымен бекітілген Тұрғын үй сатып алушылардың пулын қалыптастыру және тұрғын үйді бөлу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. (http://www.hcsbk.kz/27670 сілтемесі бойынша танысуға болады);
ØТұрғын үй сатып алушылардың пулына қатысу үшін төлем қабілеттілігін растамаған өтініш берушілер бойынша оларды кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алуға тұрғын үй сатып алушылардың пулына кіргізу үшін төлем қабілеттілігін бағалау жүргізіледі (2013 ж. басталады).
Кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алуға тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Øөтініш берілген елді мекенде тіркеуде тұруы;
Øқатысушының және оның отбасы мүшелерінің (ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған балалар) соңғы 5 жыл ішінде өтініш берілген елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
Øтұрғын үйді жалға алу кезеңінде ақша жинақтау үшін төлем қабілеттілігін растау;
Øөтініш бергенге дейін соңғы 6 ай ішіндегі отбасының ай сайынғы жиынтық таза кірісі ең төменгі күнкөріске қажетті шектің 15 еселенген мөлшерінен артық болмауы.
Кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алудың ерекшеліктері мынадай:
Øақша жинақтау мерзімі – 8 жылға дейін;
Øкепілдік жарна – жинақтау бойынша стандарттық жарнаның 6 еселенген мөлшері;
Øжинақтау кезеңіндегі жалдау төлемінің мөлшері – ш.м. үшін 100 теңгеден артық емес;
Øкоммуналдық қызметтерді төлеу;
Ø3 ай ішінде жарналарды жинақтау бойынша төлемдер болмаған жағдайда, жалға алушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару банктің нақты тұрғаны үшін өтемақы есебінде қатысушының жинақталған қаражаттарын және стандартты кепілдік жарнасын әкімдікке аударуымен жүзеге асырылады.