Бойы 1 метр 60 сантиметрден сәл ғана асатын кейіпкеріміздің шашының ұзындығы – 1 метр 30 сантиметр

«Әйел көркі – шүберек». Дегенмен, киім киіс, келісті көйлек таңдай білуден өзге әйелдің көркі – шаш екенін де ұмытпаған жөн.

Бойы 1 метр 60 сантиметрден сәл ғана асатын кейіпкеріміздің шашының ұзындығы – 1 метр 30 сантиметр
Бойы 1 метр 60 сантиметрден сәл ғана асатын кейіпкеріміздің шашының ұзындығы – 1 метр 30 сантиметр

Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, шашы ұзын әйелдердің мінезі салмақты, салиқалы болып келеді. Сондай жандардың бірі – Шымкент қаласының тұрғыны Күлмесхан Қожамұратова. Бойы 1 метр 60 сантиметрден сәл ғана асатын кейіпкеріміздің шашының ұзындығы – 1 метр 30 сантиметр. Кейіпкеріміздің қалың шашын көргенде таңданбай қалмайсыз. Өйткені, жасы 60-ты алқымдаса да, Күлмесхан әжейдің бұрымы білектей, ақ түспеген. Күлмесхан апаның айтуынша, ол шашын 1999 жылдан бері өсіріпті. 6 құрсақ көтеріп, 11 немере сүйіп отырған әжей қанша қиын болса да, шашына қайшы тигізгісі келмейтінін айтады. Дегенмен, денсаулығына байланысты екі айда бір рет 10-15 сантиметрге қиюға тура келетінін жасырмайды. Әжейдің шашының тез өсіп, қалың болуының сыры – табиғилылықта екен. Яғни, кейіпкеріміз шашын кір сабынмен жуып, сірке суымен шаяды екен. Сондай-ақ, айына бір рет айран жағады. Әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған кейіпкеріміз «қазақ қызы бұрымды болуы керек» дейді.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ