Көлік базары заңсыз жерде орналасқан

321
Автокөлік базарына қатысты сот процесі 24-қыркүйекке қалды

 Тағы да жер дауы! Автокөлік базары орман қорының жерін қайтаруы тиіс. Осылай деген табиғат қорғаушылар базар иелері жылдар бойы жерді заңсыз пайдаланып келді деп шағымданып отыр. Мамандардың сөзіне сенсек, он шақты жыл бұрын кәсіпкерге жер телімі 49 жылға жалға берілген. Бірақ бұл уақыт аралығында жер тиісті мақсат бойынша пайдаланылмаған.

 Жалпақ жұрт «Жұманов» базары» деп атап кеткен көлік жәрмеңкесінің жеті гектар жері орман қорына қарасты екен. Ал оны жалға алғанда базар қожайыны жерді абаттандырып, жеміс-жидек, көкөніс сауда қатарын салуды жоспарлаған. Бір шетінде қонақ үй, автотұрақ секілді ғимараттар бой көтеруі тиіс болатын. Табиғат қорғаушылардың айтуынша, мұндай жерді жалға беру тек елордасында ғана рұқсат берілген. 

Автокөлік базарына қатысты сот процесі 24-қыркүйекке қалды
Автокөлік базарына қатысты сот процесі 24-қыркүйекке қалып отыр

Балхаш Қыстаубаев, орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім бастығы: «Орман аумағындағы жер өзгелердің иелігіне мәдени-сауықтыру, спорттық мақсаттарға ғана беріледі. Мәселен демалыс аймақтары немесе сауықтыру лагерлеріне рұқсат. Бірақ заң негізінде сауда-саттық жасауға жалға беруге тыйым салынған».

Жеті гектар жер 2002 жылғы кодекспен берілген. Одан кейін жер қатынастарын реттейтін заңнама өзгеріске ұшырады. Қолданыстағы жаңа кодекс бойынша жерді жалға беру заңсыз. Орман қорының жерін қайтару мәселесі жергілікті прокурордың бастамасымен осыдан бірнеше жыл бұрын да көтерілген. Бір қызығы, басталған іс соңына жетпей тоқтап қалыпты.

ЕржанӘшірбаев, Бадам орман шаруашылығының заңгері: «Марқұм Жұманов бар кезде орман қызметкерлері бірнеше рет ескерту берген. Өзінің алған талап-міндеттерін орындасын деп. Бір себептермен бұл ескерту орындалған жоқ. Енді мәселе осылай созылып кетті».

Кәсіпкердің қазасынан кейін оның мұрасына дауласқан туыстарының бұл жерге қарауға мұршасы да болмапты. Егер сол кезде қолдарына тигенде бәрін тап-тұйнақтай етіп қояр едік деп отыр.

Гүлнәр Байзақова, Жұмановтар отбасының өкілі: «Сол қалған мүліктердің барлығы заңсыз деп айта аламын. Егер 6 айдан кейін біздің бірімізге қалғанда, оның орнында қазір аквабақ немесе өзге де дүкендер бой көтерер еді».

Енді орман шаруашылығы орман қорына қарасты жерді мемлекетке қайтару туралы бастама көтеріп отыр. Оның кімге қалары сот шешіміне байланысты. Бұл процесс 24-қыркүйекке қалып отыр.