М.САпарбаев атындағы ОҚГИ-дың проректоры отбасы мерекесімен құттықтады
М.САпарбаев атындағы ОҚГИ-дың проректоры отбасы мерекесімен құттықтады
М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің проректоры жиналғандарды отбасы мерекесімен құттықтады

«Отан — отбасынан басталады». Бүгін М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының ұжымы аталған тақырыпты арқау етіп, жанұя мерекесін тойлауды бастап жіберді. Мәдени шараға ақ жаулықты батыр аналар да арнайы шақырылыпты.

Отбасы мерекесі ақ жаулықты аналардың бойжеткендерге деген кеңесінен бастау алды. «Қызға қырық үйден тыйым» деген мәтелдің де төркінін түсіндірді әжелер. Бүгінде 5000-нан аса студенті бар Мардан Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің шәкірттері де зейін қойып, кеш қонақтарының сөзін тапжылмай тыңдап отыр.

Арайлым Нұрышова, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің студенті: «Алтын алқа, күміс алқалы апаларымыздың айтқан сөздерінің барлығы бізге үлгі! Имандылығы, мәдениеттілігі, бәрінен бұрын отбасын айрандай ұйытып отыруы, жаңағы айтқан сөздері, барлығы бізге тәрбие деп білемін. Осындай ақ жаулықты аналарымыздың көп болғанын қалаймын және болашақта да осындай іс-шаралар ұйымдастыруға тырысамыз».

Мереке студенттердің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. М.Сапарбаев атындағв ОҚГИ-да жастар үшін экономикалық, педагогикалық, құқық және технологиялық секілді барлығы 13 мамандық бойынша білім беріледі. Ал оқу орнының басшылығы «Жоғарғы оқу орны да — бір отбасы, сондықтан мұндай мәдени іс-шаралармен ғана шектелмейміз» дейді.

Ерлан Оңласынов, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің проректоры: «Тәрбие сағаттары бізде кестеге сәйкес өткізіледі, оған қоса әр аптада кураторлық сабақтар болады. Ол кезде міндетті түрде студенттің тәртібі, сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі қадағаланады. Егер студент тарапынан кемшілік кететін болса, қажетті жағдайда біз ата-аналарды да шақырамыз».

Айтпақшы, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің студенттері Қазанда өткен 27-ші Жазғы универсиададан жеңіспен оралыпты. Салтанатты шара аясында сол жеңімпаздар марапатталды. Бұған қоса институт шәкірттері бүгінде халықаралық конференцияларға қатысу үшін ғылыми мақалаларын дайындап жүр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PbYv21YgIfI[/youtube]