Мектепте қазақ тіліне қиянат жасалуда

Сауалда депутат Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдаудағы тілге қатысты жүктеген тапсырмаларына тоқтай келе

Кешегі аптада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Розақұл Халмұрадов Үкімет басшысы Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдап, тағы да мемлекеттік тіл мәселесін көтерді. Тек бұл жолы мемлекеттік тілді білім саласы менсінбей отырғанын жеткізді.

Сауалда депутат Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдаудағы тілге қатысты жүктеген тапсырмаларына тоқтай келе
Сауалда депутат Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдаудағы тілге қатысты жүктеген тапсырмаларына тоқтай келе

Сауалда депутат Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдаудағы тілге қатысты жүктеген тапсырмаларына тоқтай келе, еліміздің білім саласында қазақ тілінің дамуына үлес қосатын көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын да тілге тиек етті.

Мәселен, оның айтуынша, бірқатар өзбек, ұйғыр, тәжік тілінде сабақ беретін мектептерде көп тілде сабақ беру, кейбір пәндерді қазақ тілінде оқыту тәжірибесі қолға алынып, ол балаларға мемлекеттік тілді тереңірек үйренуіне оң ықпал етіп жатыр.

 

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ
Розақұл ХАЛМҰРАДОВ

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Парламент депутаты:

– Елімізде орыс тілінде сабақ беретін 1700-ден астам мектеп бар. Сарапшылардың айтуы бойынша, осы мектептерді бітірушілердің 7-10%-ы ғана қазақ тілінде сөйлей алады. Білім және ғылым министрлігі бұл жағдайды түзеудің орнына, мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында қазақ тілі пәнінен тапсырған тест жауаптарының бағасын жалпы қорытынды балға есептемейді. Мұндай әрекетті оқушыларды мемлекеттік тілді үйренуге ынталандырмайтынын министрліктегі лауазымды тұлғалардың түсінбейтініне қайран қаласың. Бұл жетпегендей, қазіргі уақытта орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі пәнінің апталық сағаты бастауыш сыныптарда 1 сағатқа, жоғары сыныптарда екі есе қысқарту қарастырылыпты. Қазақ тілін үйретудің халық арасында кеңінен қамтылуы өзекті мәселе болып тұрған кезеңде Білім және ғылым министрлігінің мұндай қадамдарға баруын қалай түсінуге болады? Осындай асығыс шешім қабылдауға не түрткі болды?»