Мерейлі мереке

Мәдениет басқармасы, ОҚО Суретшілер одағының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан суретшілер одағының 80 жылдық мерейтойлық көрмесін тамашалаушылар көп болды
Мәдениет басқармасы, ОҚО Суретшілер одағының ұйымдастыруымен  өткен Қазақстан суретшілер одағының 80 жылдық мерейтойлық көрмесін тамашалаушылар көп болды
Мәдениет басқармасы, ОҚО Суретшілер одағының ұйымдастыруымен
өткен Қазақстан суретшілер одағының 80 жылдық мерейтойлық көрмесін тамашалаушылар көп болды

Кешегі апта соңында Шымкенттегі Көркемсурет галереясында қылқалам шеберлерінің мерейлі мерекесі тойланды. Мәдениет басқармасы, ОҚО Суретшілер одағының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан суретшілер одағының 80 жылдық мерейтойлық көрмесін тамашалаушылар көп болды. Көрмеге өңірдегі үздік 50 қылқалам шеберінің 200-ге жуық шығармасы қойылды.

Адам баласының рухани эстетикалық байлығы болып саналатын бейнелеу өнері бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себеп болғаны шындық. Халық бостандығы мен тәуелсіздігі, еркіндігі мен егемендігі бір ұрпақтың ғана емес, сан ұрпақтың еншісі.

Әрбір бейнелеу өнері шығармасының негізінде адам бейнесінің бейнеленуінен, көркемдік талғам мен сапалардан тыс астарында мәтін жатады. Әдебиет сөзбен айтылады, ал бейнелеу өнері көзбен көріледі. Екеуінің негізінде мәтін жатыр. Суретші өзінің шығармасын бояумен жазып қалдырады. Шығармаға қосымша түсіндірмелер жасалғанымен қабылдануы көрерменнің еншісіндегі дүние. Қазақстан бейнелеу өнерінің кәсіпқой дәрежеде өсіп дамуына Оңтүстік Қазақстан суретшілерінің қосқан үлесі де орасан зор екені көпшілікке мәлім.

Көрмеге қойылған шығармашылық туынды әр адамға сұлулық пен сезімнің әсерлі сырын беріп, әрбір туынды көрерменіне ерекше көңіл-күй сыйлады.

1981 жылы Қазақстан суретшілер одағының ОҚО өкілдігі ОҚО Суретшілер одағының ұйымы болып қайта құрылған. Оған ең алғашқы төраға болып Юрий Семенович Евсеев сайланған. 1984-1987жылдар аралығында ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Амангелді Тұрсынов, 1987-1990жж. Насыр Рустемов, 1990-1991 жж. Бақтыбек Талқамбаев, 1992-1994жж. Иляев Сұлтан, 1991-1992, 1995-1999, 2000-2008жж. Айнабек Оспанов төрағалық қызметтер атқарған. Қазіргі таңда ОҚО Суретшілер Одағы ұйымында 92 ҚР суретшілер одағының мүшесі есепте тұрады. Көрменің ашылу салтанаты барысында ҚР Суретшілер одағының, ОҚО әкімдігінің және мәдениет басқармасының атынан суретшілер құттықтаулар және арнайы дипломдармен марапатталды.

Өнерді жасаушы тұлға дүниеге бір-ақ рет келеді де кетеді, ал өнер шығармасы мәңгі өмір сүреді. Суреттің өзі өмір деп тегін айтылмаған. Өйткені дарынды адамның бойындағы рухани байлығы мен көңілінде ұялаған әрбір сәті кеудеде сурет болып қалып қояды. Тек суретші ғана сол сәтті қалт жібермей, қылқаламның ұшымен картинаға айналдыра алады екен. Сондықтан әрбір суретшінің бояуға толы әлемі-әр сәттің, әр күннің куәсі, күнделігі іспетті.

Тарихтың ұлы шеруінде әр ұрпақтың өзіне ғана тиесілі міндеті болады. Ол міндетті тек сол ұрпақ қана келістіріп атқара алуға тиісті. Себебі кез келген тұлға – өзі ғұмыр кешкен кезең үшін өткен мен болашақ арасының жанды көпірі. Оның төл бойында сан ғасырдың жүгі бар. Сол жүктің сабақты жібіне дейін қалдырмай болашаққа жалғау–жер басып жүрген тірілердің міндеті.

Бағила БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ