Қазақстандықтарды жаңа форматта тәрбиелеу. «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктринасының негізгі міндеті осындай. Бас партияның алдағы уақытта өтетін XV съезіне дайындық негізінде доктрина жан-жақты пысықталуда. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Сайрам аудандық филиалының кезектен тыс  ХХ конференциясы барысында да ең негізгі құжат мұқият талқыланды.

 Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Шалатай Мырзахметов пен ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков арнайы қатысып, стратегияны жүзеге асыру барысында жаңашаландырудың жүзеге асатынын жеткізді.

Шалатай Мырзахметов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты
Шалатай Мырзахметов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

 

Шалатай Мырзахметов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: «Біз елімізді ғана емес, сонымен қатар, партиямызды да жаңғырту стратегиясын іске асыру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.  Біздің партиямыз еліміздің жетекші саяси күші ретінде ең алдымен әрбір аймақта, кенттерде орналасқан қоғаммен тығыз жұмыс жасайтын бастауыш партияларды да жандандырады».

Бас партия мүшелерінің басын қосқан конференция барысында биылғы жылы филиалдардың барлығы жеке ғимаратты болатыны жария етілді. Оған қоса партия бөлімдері жетекшілеріне жеке берілетін қызметтік көліктері тағы бар.