Қазақстан бойынша тамыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша жасалған келісімдердің саны 19%-ға өскен. Осылайша жыл басынан бері 118 344 үй сатылған. Ал жаздың соңғы айында 16 606 отбасы жаңа баспана сатып алған. Дегенмен, бұл шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 7,6%-ға аз.
Соған қарамастан жыл басынан бері тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 19,0%-ға өскен. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің өтімділігі жоғары аймақтар да анықталып отыр. Сарапшылар бұл өңірлердің қатарына Оңтүстік Қазақстан облысын да жатқызады. Өңіріміз тұрғын үй нарығында Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынан кейін келеді. Сала мамандарының сөзіне сенсек, жалпы, өңірде тамыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері шілде айымен салыстырғанда 17%-ға өскен.