ОҚО әкімінің орынбасары жастармен галстуксыз кездесті

379
Әлеуметтік желілер тақырыбын арқау еткен кездесуде жастар арасындағы мәселелер де қозғалды

Жаңа технология. Кең жолақты ғаламтор. Әлеуметтік желілер. Өңіріміздің жас толқыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевпен кезедсуде осы тақырыптарды кеңінен талқылады. Қолдану аясын қарастырды. Мемлекеттік қызметкер заман көшінен қалыспау үшін де айтулы желілерді қолдану керек деп есептейді.

Әлеуметтік желілер тақырыбын арқау еткен кездесуде жастар арасындағы мәселелер де қозғалды
Әлеуметтік желілер тақырыбын арқау еткен кездесуде жастар арасындағы мәселелер де қозғалды

Сапарбек Тұяқбаев, ОҚО әкімінің орынбасары: «Кейде жұмыстан қолым босамайтын сәттер жиі болады. Дегенмен, сонда да болса интернетті, «Фейсбукты» белсенді қолданамын. Атқарылған жұмыстарға, жазылған тақырыптарға пікір жазамын. Немесе кейде астары жоқ бір оқиғаларға болсын, жастардың көзқарасы болсын, соның бір нәтижесін айтуға болады. Әрине, өз пікіріміз деуге де болады, бірақ ол жария болғандықтан, өз атыңыздан, мына «Фейсбукты» да білесіз, мына «Контактыдан» да барлық пікірді өз атыңыздан білдіресіз ғой. Дұрыс па? Сондықтан жақсылап, ойланып жазу керек болады. Әрбір қоғамдық пікір осылай қалыптасады».

Мағжан Исахов студенттер жолақысы мәселесінің шешілгенін қалайды
Мағжан Исахов студенттер жолақысы мәселесінің шешілгенін қалайды

Галстуксыз өрбіген кездесуде әлеуметтік желілерден басқа да еркін тақырыптағы әңгімелер айтылды. Оқу жылы басталар шақ болғандықтан болса керек, студенттер жолақысының мәселесі де сөз болды. Сағызша созылған студенттердің жол билеті, дегенмен әлі де бір шешімін таба қоймады.

Мағжан Исахов, белсенді жас: «Мына студенттердің жолақысы «жыр» болды ғой. Мәселе шешімін таппай келеді. Бізде облыс әкімдігімен мұндай кездесу жиі бола бермейді, сондықтан, мәселені осында ортаға салуды жөн көрдім. Ағалардың айтуынша, биыл шешімін табады деп жоспарлап отыр екен. Сондықтан, студенттер жолақысының мәселесі шешіледі деген үміт те жоқ емес, әрине. Менің ұсынысым, бізде жол билетінің жеңілдігін қажет етпейтін студенттер бар. ЖОО-на үйі жақын немесе өз көлігімен жүретіндер дегендей. Сондықтан санаулы студенттердің тізімін жасақтап, ең болмағанда, сол жастарға көмектесуге болады ғой?»