Оңтүстік халқы енді таза су ішеді (фоторепортаж)

Компания басшылығы алдағы үш жыл ішінде 12 млн еуро көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр

Енді Оңтүстікте ауызсудың әлегі азаяды. Өйткені ТМД-да жоқ жер асты сусорғылары біздің өңірде шығарылады. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша өте қажет-ақ қондырғылар шығаратын зауыт жұмысымен кезекті іс-сапарымен Шымкентке келген Елбасы да танысты.

Компания басшылығы алдағы үш жыл ішінде 12 млн еуро көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сусорғының бөлшектерімен танысуда

Қазақ-неміс бірлескен зауыт толық қуатына енгенде жылына 7,5 мың данаға дейін сусорғы шығарады екен. Әзірге бір ауысым бойынша жұмыс жасап жатқан кәсіпорын жыл сайын 2,5 мың құрылғы шығаруды місе тұтып отыр. Ал жұмысшыларының барлығы да жақында Германияда біліктігін арттып келіпті.

Сонымен қатар бұл кәсіпорын алдағы уақытта Испаниялық Belgicast компаниясымен бірлесе тиек-реттемелі арматуралар, Швейцариялық Sulzer концернімен бірлесе консольдік насостар өндірісін қолға алуды жоспарлауда
Сонымен қатар бұл кәсіпорын алдағы уақытта Испаниялық Belgicast компаниясымен бірге тиек-реттемелі арматуралар, Швейцариялық Sulzer концернімен бірлесе консольдік насостар өндірісін қолға алуды жоспарлауда

Илья Разваляев, сусорғы құрастырушы: «Германияда бізді осы құрылғыны жинаудың барлық түріне үйретті. Оқытуда болған 1 ай ішінде біз, тіпті, аспаптарды құрастыру жылдамдығы жағынан неміс әріптестерімізді де таң қалдырдық».

Бүгінгі таңда еліміз өзіне қажетті мұндай жабдықтарды шетелдік компаниялардан 40 млрд. теңгеге сатып алып отыр. Ал бұл өндіріс орны сол қажеттіліктің 10 пайызын өтей алмақ
Зауыттың жалпы аумағының макеті

Бір қызығы, зауыт басшылығы сусорғыларының бағасын әлі күнге нақтыламапты. Бұл — батырмалы насостар нарықта қымбат болуы да мүмкін деген сөз. Біздегі осындай бірқатар кәсіпорынды Елбасының өзі келіп ашып кеткені есімізде. Алайда солардың кейбірінің қазір тоқтап тұрғаны жасырын емес. Осы ретте жаңа зауыттың да болашағы бұлыңғыр болып кетпей ме деген сауал туындайды.

Зұлқайнар Жылқайдар, кәсіпорынның бас директорының орынбасары: «Алла қаласа, жұмысты ұзақ істейміз. Өйткені, нарықта біздің шығарған өнімге қажеттілік бар. Біздің кәсіпорын 2003 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Бастапқыда дилерлік жолмен жұмыс атқарғанбыз. Одан соң маркетингтік есептердің барлығы жасалып, осындай кәсіпорын ашылды. Сондықтан да зауытымыз жуық арада жабылып қалады деген күмән жоқ».

Заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған зауыттың жалпы құны 12 млн. еуроны құрайды және ол шығарған өніміне 5 жылға дейін кепілдік береді
Заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған зауыттың жалпы құны 12 миллио евроны құрайды. Ал өнімдерге 5 жылға дейін кепілдік бар
шығарған өніміне 5 жылға дейін кепілдік береді. Салыстырмалы түрде айтсақ, дәл сондай шетелдік зауыттар өз өніміне берген кепілдігі 3 жылдан аспайды
Салыстырмалы түрде айтсақ, дәл сондай шетелдік зауыттардың өз өніміне берген кепілдігі 3 жылдан аспайды
Сондай-ақ бұл компанияның өнімі елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан ҮИИД, «Ақбұлақ», «Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» секілді ірі жобаларды өз деңгейінде атқаруға үлкен көмек бермек
Компания басшылығы алдағы уақытта 12 миллион евро инвестиция тартуды көздеп отыр
Компания басшылығы алдағы үш жыл ішінде 12 млн еуро көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр
Цехта жұмыс қызып жатыр

Батырмалы насостардың ерекшелігі — оның сапалығында. Болат сусорғыларға сұраныс осы күннен-ақ түсе бастаған. Зауыт жетекшілігі шығарылған өнімнің жартысын еліміздегі кәсіпкерлерге сатып, қалғанын шетелге экспорттамақ.

Уалихан АХМЕТОВ, Компанияның бас директоры
Уәлихан Ахметов, компанияның бас директоры
Бұл кәсіпорын озық инновациялық технология бойынша жабдықталып, шығарған өнімі әлемдік нарықта бәсекелестікке қабілетті болмақ
Бұл кәсіпорын озық инновациялық технология бойынша жабдықталып, шығарған өнімі әлемдік нарықта бәсекелестікке қабілетті болмақ
Шығарылған отандық өнімнің халықаралық дәрежеде бәсекелестікке қабілетті бола алатыны Елбасының көңілінен шықты
Отандық өнімнің халықаралық дәрежеде бәсекеге шыдас беретіні Елбасының көңілінен шықты

 

Зауыт басшылығы құрылғы құнын шығармапты
Дайын соосырғылардың бірі
Зауыттың екінші бөлігі 2016 жылы ашылады деген жоспар бар
Зауыттың екінші бөлігі 2016 жылы ашылады деген жоспар бар

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9imxqCpl8gY[/youtube]