Соңғы уақытта Оңтүстікте пойызға тас лақтырып, терезесін сындыру фактілері жиілеп кетті. Кезекті осындай келеңсіз жағдай апта басында Шымкентте орын алды. Осыған орай тәртіп сақшылары дабыл қағып отыр. Қолға түскен күдіктілер де бар.
9-сыныптың оқушысы Тілеухан — тас лақтырғыштардың бірі. Әдеттегідей темір жолдың манында жүріп, отарбаның әйнектерін таспен сындырғанын мойныдап отыр. Енді баласының бұл бұзақылығы үшін ата-анасы жауап береді. Олар теміржол станциясының әкімшілігіне 19 000 тенге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.
Шымкент станциясы Ішкі істер желіліг бөлімінің қызметкерлерінің айтуы бойынша мұндай қылмыстардың 70 пайызы кәмелет жасқа толмағандар жасаудаОсыған орай желілікполиция бөлімінің қызметкерлері жедел алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Мысалыға айтып өтсек ағымдағы жылда ШЫмкент-Қызылсай аралығында екі жас өспірім жолаушы поездына тас лақтырып фактісі қолға түскен.Айта кету керек,жолаушы поездарының терезесін сындырған үшін ҚР қылмыстық кодексінің 258 бабымен жауапкершілікке тартылады.