Шымкентте жол апатына себепкер болған полиция қызметкері ұсталды. Бұл оқиға жұмадан сенбіге қараған түні, сағат 2-ден асқанда болған. Полиция лейтенантының басқаруындағы Лексус көлігі қаладағы зообаққа қарсы беттегі жолдың шетінде тұрған 4 бірдей көлікті соғып кетеді.
Күшті соққының салдарынан Опель көлігі жолдың шетінде тұрған 4 адамды соғады. Олардың барлығы — 29 және 31 жастағы үш азамат пен Ақтау қаласынанан келген 2 жасар сәби жарақат алды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккендерді аруханаға алып кетті.
Өкінішке орай, жарақат алғандардың бірі — 29 жасар азамат ауруханада есін жиаған күйі қаза тапты. Ал жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші бір тәуліктен кейін қолға түсті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Lr5ihdanK1A[/youtube]
Айта кету керек, жүргізушінің өзі де жарақат алған. Ол қазір ауруханада емделіп жатыр. Қасында күзетшілер күзетіп отыр. Ішкі істер департаменті өкілдерінің айтуынша, жүргізушінің оқиға болған кезде мас болған-болмағаны сараптама барысында анықталады.