Ұжым жас өнерпаздармен толығып келеді

«Шарықтасын Шәмшінің асыл әні». Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерсүйер қауым үшін 2-маусымның шымылдығын осындай тақырыппен ашты. Кеш барысында тек  сазгер Шәмшінің шығармалары орындалды. 

 

Ұжым жас өнерпаздармен толығып келеді
Ұжым жас өнерпаздармен толығып келеді

Дарабоз сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары – Қазақтың ән әлемінде өз алдында бір биік шың. Кеш барысында айтылған әндердің барлығы жанды дауыста орындалды. Жаңа басшы ұжымға осындай талап қойған.

Бір айта кетерлігі – бл маусымда мәдениет ошағындағы әншілердің қатары артып отыр. Ұжымға Шәмші атындағы ретро фестивалі секілді байқаулардың жеңімпаздары және  жоғарғы оқу орнын бітірген жас өнерпаздар қосылған. Жаңа маусымда ұжым өнерсүйер қауым үшін айына 2 рет концерт өткізуді жоспарлап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5K3w4Wb-9rU[/youtube]