Шымкентте «Казкоммерцбанктің» жаңа бөлімі ашылды. Айтулы салтанатты рәсімге құрметті қонақтар — өзге де банктің өкілдері және тұрақты тұтынушылар шақырылған. «Отау» — «Казкоммерцбанктің» Шымкенттегі 5-ші бөлімі.
Мұхит Сейдахметов, «Казкоммерцбанк» АҚ ШФ директорының орынбасары: «Бұл бөлімшемізде біздің тұтынушыларымыз бүкіл банк қызметтерін қолдана алады. Жеке тұлға және заңды тұлғаларға қажетті қызметтің барлығы қамтылған. Мұнда несие беру де, кассалық операциялар, сонымен қоса әр клиентке жеке қызмет те көрсетіледі».
«Казкоммерцбанктің» бұл бөлімінде үкен сомадағы депозиттерді де сақтауыңызға болады. Ақша айырбастау орны да бар мұнда. «Отау» бөлімі Сіз үшін және үлкен компанияларға қызмет етуге әзір. Алғашқы күннің өзінде-ақ «Казкоммерцбанктің» жаңа бөліміне келушілердің қарасы қалың болды.
Мұрат Төлтебаев, «Казкоммерцбанктің» тұтынушысы: «Казкоммерцбанкпен» жылдар бойы жұмыс істеп келеміз. Ең бастысы — сенімді банк. Бізге қызмет көрсету түрлері де ұнайды. Енді бүгін ашылып отырған бөлімі де қаланың орталығында орналасыпты, сондықтан алдағы күндері тығыз жұмыс жасайтын боламыз деп ойлаймын».
Айта кетейік, «Казкоммерцбанктің» «Отау» бөлімі қаламыздағы Қонаев даңғылы, №36 үйде орналасқан. Банк қызметкерлері таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Ал өз-өзіне қызмет көрсету секторында тұтынушылар ыңғайына қарап, тәулік бойы қызмет көрсетіледі.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kjjZRB6ssCE[/youtube]