Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтары. 2013 жылдың 23-қыркүйегінен 27-іне дейінгі аралықта Шымкент қаласының аумағында сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізіледі. Онда жер сілкінісі орын алған кезде халықтың және арнайы мамандар, құтқарушылардың іс-қимылдары пысықталады.

Оқу-жаттығу кезінде электр сиреналары іске қосылады. Сол арқылы «Баршаның назарына!» дабылы жеткізіледі. Дабылдан соң үрейге берілмей, сабыр сақтау керек. Тез арада теледидар және радионы іске қосу қажет. Содан кейін төтенше жағдай департаменті таратқан шұғыл ақпаратты тыңдап, берілген нұсқаулықтарға сәйкес іс-әрекеттер жасауды сұранамыз.
Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаменті