Шымкентте төтенше жағдайға қарсы жаттығулар жалғасуда

Өртті ауыздықтау сәті

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарының бірінің қйомасы өртенді. Қызыл алауды ауыздықтауға 138 азамат пен 16 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Қаладағы мұнай өңдейтін зауытта өткен төтенше жағдайға қарсы оқу-жаттығу осылай басталды. Пысықтау шараларының шарты бойынша 7-8 балдық жер сілкінісі мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт қызметкерлерін әбігерге салды. Қоймадағы құбырлардың бірі жарылып, салдарынан өрт шықты.

Өртті ауыздықтау сәті

Жоспар бойынша дайындық жұмыстары сәтті өтті. Жаттығу барысында зардап шеккен ешкім болмады, шығын көлемі де аз.

 Батырғали Сопбеков, ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы: «Осындай өрт қауіпті мекемеде өздерінің арнайы техникалары мен тәжірибелі мамандарының болуы құптарлық жәйт. Бұл — мекеменің төтенше жағдайға дайын екендерін көрсетеді.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ru-T3w4waPc[/youtube]

Осылайша «Петро Қазақстан Ойл продакст» компаниясы төтенше жағдайға төтеп бере алатындарын байқатты. Айта кетерлігі, зауыт аймағында өрт сөндіруге тиісті құралал-жабықтардың барлығы орнатылған. Мұндай құралдармен төтенше жағдайдың алдын алуға әбден болатынына сала мамандары да көз жеткізді.