Шымкент қаласының болашақ әкімшілік-іскерлік орталығында орыс драма театрының жаңа ғимараты салынып жатыр. Өткен жылы қыркүйек айында басталған құрылыс жұмыстарының қазір 2-кезеңі жүріп жатыр. 2 гектар аумақта орналасқан мәдениет нысанының құрылысында 1000-ға жуық жұмысшы жүр. Ғимарат 3 қабатты болады деп жобаланған. Айта кетейік, 500 орынды театрдың құрылысына қазынадан 1 ,5 миллиард теңге бөлінген. Ал мердігерлер ау райы кедергі болмаса, өнер ұжымына театрдың кілтін келер жылы күзінде тапсырамыз деп отыр.
Балғабай Нұрсейітов, учаске басшысы: «Құрылыс басында ешқандай мәселе жоқ. Тиісті материалдар да уақтылы жеткізіліп жатыр. Қаржы да кешікпей төленуде. Бізге ендігі қалып отырғаны — жұмыс істеу ғана. Сондықтан жұмыс жоспары бойынша қалыспай келе жатырмыз деп айта аламын.»
Қазіргі уақытта құрылыс нысанындағы жұмыс 2 ауысымда, күндіз-түні жүріп жатыр. Жертөлесімен қосқанда 4 қабатты ғимараттың әзірге 1-қабатының құрылысы аяқталған.