Автокөлік иелері 3 жылдан бері кеденшілермен соттасып жүр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кедендік бақылау департаментінің басшысы мен Жоғарғы соттың төрағасы Бекназаров орнынан кетсін! Осыдан үш жыл бұрын өңірге шетелден көлік әкелем деп опық жеген жүргізушілер тағы да осындай талап қойып отыр.

Авкөлік иелері
Авкөлік иелері 3 жылдан бері кеденшілермен соттасып жүр

Шағымданушылардың айтуынша, 2010 жылы шетелдік көліктерді елге кіргізерде заңдастырып, кедендік салықты да төлеген. Алайда сот оларға шығарылған мерзімі 10 жылдан асқан автоға тағы да қыруар салық төлеуді міндеттеген. Осылайша 3 жылдан бері кеденшілермен соттасып жүрген көлік иелері темір тұлпарларының 2000 жылы шығарылғанын дәлелдей алмай келеді. Ал кедендік бақылау департаменті ресми сарапшыларға сүйене отырып, машиналардың бұл мерзімнен бұрын шығарылғанын анықтапты. Мамандардың айтуынша, жүргізушілер көліктерінің өндіріс орнынан шыққан күнін дұрыс көрсетпеген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gJ1H01I-LAo[/youtube]