Созақ ауданындағы тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алудың жаңа әдісін ойлап тапқандай. Олар ерікті көмекшілерімен бірігіп, кешкі уақытта елдімекендерді айналып, қарап қайтуға шықты. Полицейлер иесіз жайылып жүрген малды қайтарып әкеп, қораға қамауда.
Тәртіп сақшылары малды жайдан-жай қайырып жүрген жоқ. Құқық қорғаушылардың айтуынша, мал ұрлығының жиі орын алуының басты себептерінің бірі — төрт түліктің жайылымда бақташысыз жүруі. Мұны көрген ұрылар теріс әрекетке жиі барады дейді олар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EynuKqch6ZI[/youtube]
Енді жаңа әдістің қаншалықты нәтижелі боларын алдағы уақыт көрсетеді.