Суыр ауласаңыз, қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз. Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары арнайы рейд кезінде Төле би ауданының тұрғыны Хайрулла Тойболовты ұстады. Ол Мензбир суырын заңсыз атып алған.
Сирек кездесетін жануар Қызыл Кітапқа енген. Әлем бойынша суырлар Тянь-Шань тауының солтүстік жотасында ғана өмір сүреді. Сондықтан оларды аулағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалады.
Марат Шымырбеков, Сайрам-Өгем Ұлттық табиғи паркінің табиғи кешендер бөлімінің басшысы: «Тәркіленген заттар Төлеби аудандық ІІБ-на тексеру үшін жіберілді. Қозғалған қылмыстық іске қатысты Төлеби аудандық соты браконьердің қаруын тәркілеп, бір жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Енді Х.Тойболов табиғатқа шығын келтіргені үшін 692 мың 400 теңге төлейтін болады.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JSPLgcbPNGk[/youtube]